Журнал туралы
«Шәкәрім университетінің хабаршысы» ғылыми журналы. «Экономикалық ғылымдары сериясы» (бұдан әрі-журнал) 1997 жылдан бастап жарық көрді. Ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, магистранттарға, докторанттарға, студенттерге арналған. Журналдың құрылтайшысы және баспагері «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ (бұдан әрі — Шәкәрім университеті) болып табылады.
Журналдың мақсаты экономика және қаржы ғылымдарының дамуына, ғалымдар мен зерттеушілер арасында ашық ғылыми пікірталас құруға ықпал ететін жаңалыққа ие экономиканың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау болып табылады.
Журналдың әзірленген және бекітілген мұқабасы мен титулдық беті бар, онда университет, нөмірдің жариялану деректері, ISSN, редакциялық алқа мүшелері, редакциялық саясат, жарияланым этикасы және веб-сайт көрсетілген.
Журнал жылына 4 рет шығарылады.
Журналдың мақалалары CrossRef мәліметтер базасында тіркеледі және әр авторлық мақалаға DOI – сандық объект идентификаторы тағайындалады, ол дәйексөзді, сілтемені және электрондық құжаттарға шығуды қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Журналдың редакциялық алқасына жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.
Журнал ақпараттық ашықтық саясатын ұстанады және авторлардың мақалалары журналдың веб-сайтында үш тілде толық мәтінді қолжетімділікпен орналастырылады.